Астанада кәсіпкерлер үшін ашық есік күні өтеді

Фото: Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордада 14 желтоқсан күні қаланың барлық кәсiпкерлiк субъектiсі үшін ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Kazinform елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жекелеген нормалары және www.hr.enbek.kz порталында жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі. Сондай-ақ порталға еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне кәсіпкерлердің қарамағындағы қызметкерлердің деректерін енгізуге болады. 

Астана әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін ашық есік күні 14 желтоқсанда, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бейбітшілік көшесі, 9-ғимарат, 326-кабинет мекенжайында өтеді. 

Айта кетейік, 2020 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді (23-бабы 2–тармағының 27) тармақшасы) – жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу жөніндегі міндеті енгізілді.