Он күндік шеңберінде Онкологиялық диспансерде бірқатар іс-шаралар өткізілді: концерттер, көрмелер. Олардың басты мақсаты - қатерлі ісікке шалдыққан жандарға қол ұшын созу.
2015 жылдың 2 ақпанында Ауғанстан аумағынан Кеңес әскерінің шығарылуына 26 жыл толуына орай Онкологиялық диспансерде "Ардагер саулығы" атты акция өтіп, интернационалист-жауынгерлердің және олардың отбасы мүшелерінің денсаулығы тексерілді.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелері мен онкодиспансерде Ашық есік күндері өтіп, тұрғындар көкейдегі сауалдарына осы сала мамандарының тарапынан жауап ала алды.
Астана қаласының бас онкологы Мұхтар Төлетаевтың мәліметінше, 2014 жылы елордада онкологиялық аурулардың көрсеткіштері 100 мың тұрғынға шаққанда 165,8, ал 2013 жылғы мәліметтерге сүйенсек, 100 мың тұрғынға шаққанда 172,3 құраған.
Бүгінгі күні отандық денсаулық сақтау мекемелері бірегей диагностикалық технологияларға ие, қатерлі ісікке қарсы күрес жолында пациенттің толық емделуіне мүмкіндік бар. Профилактикалық медициналық тексерулер онкологиялық аурудың алдын алудағы бірден-бір шара.