Астанада қазақ күресінен Әлем чемпионатына іріктеу өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 қараша күні Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында қазақ күресінен республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, «Дала қырандары» турнирінің мақсаты – 8 салмақ дәрежесінде еліміздің ең үздік балуандарын анықтау.

Жеңістің биік тұғырына көтерілгендер «Дала қыраны» титулының иегері атанып, өз салмағының «Бас балуаны» атағына ие болады.

Сол сияқты әр салмақтың жеңімпаздары желтоқсан айында елордада өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.