АСТАНА. KAZINFORM - Елордада 11 қаңтар күні қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирі басталады.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында жалауын көтеретін турнирде 8 салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынады.
Еліміздің басты рейтингтік жарыстарында ең жоғары ұпай жинап іріктелген 64 балуан 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, 100 келіден жоғары салмақта боз кілемге шығады. Олар өз салмақ дәрежесі бойынша «Дала қыраны» титулын сарапқа салып, бас балуан атанады.
Оған қазақстандық белгілі балуандар қатысады. Олардың қатарында әлем чемпионаты және өзге де халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанған Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Ерсұлтан Мұзаппаров, Алтынбек Аусағитов, Нұрдәулет Жарылғапов және Ерасыл Қажыбаев бар.
Айта кетсек, биыл Қытайда қазақ күресінен әлем чемпионаты өтуі мүмкін.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.