Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметінен хабарлады.
Шараны «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы, «Аbai.kz» ақпараттық порталы, «Аlash-orda.kz» ақпараттық порталы, «Мinber.kz» журналистерді қолдау орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Конференцияда қазақ интернетін дамытудың бағыттары және мемлекеттік қолдау шаралары, қазақ тілді интернет кеңістіктегі контент пен сапа менеджменті, қазақ сайттарының дизайны және техникалық сүйемелдеу, коммерцияландыру мәселелері, қвзақ интернет журналистикасының негізгі бағыттары сияқты өзекті проблемалар талқыланбақ.
Жиын барысында қазақ интернет сайттарының ортақ қауымдастығын құру мәселесі де ортаға салынбақ.
Конференция жұмысына «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев қатысып, сөз сөйлейді деп күтілуде. Шараға қазақ интернет-порталдарын жүргізумен айналысатын редакторлар, журналистер шақырылып отыр.