Шарада 100-ден астам шетелдік ең үздік оқу орны мен 30-ға тарта қазақстандық жоғары оқу орны өз қызметтерімен таныстыруға мүмкіндік алып отыр.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті Саясат Нұрбектің айтуынша, форумға түркиялық «А-2» және қазақстандық «Стадии Ин» компаниялары қолдау жасаған. Бүгінгі күні шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен сессиялар өтеді. Британ кеңесінің, Германия академиялық тәжірибе алмасу және басқа да шетелдік білім құрылымдарының қатысуымен дөңгелек үстел отырысы да ұйымдастырылмақ.
Ал ертең, 14 наурызда шетелдік жоғары оқу орындарында білім алғысы келетіндер үшін жәрмеңке өтеді. 15-16 наурызда «Халықаралық білім» көрмесі Алматыда «Атакент» көрме кешенінің «Бахчисарай» павильонында өтеді.
Іс-шара «Болашақ» бағдарламасы әріптестеріне бакалавр және магистр дәрежелерін алуға, тілдік мектептерде оқуға ниетті студенттерді тартуға, сондай-ақ халықаралық білім алуды мақсат еткен мыңдаған студенттермен танысуға және оларды тартуға мүмкіндік береді.