Астанада «Kazakhstan International Halal Expo 2015» мен «KazFood 2015» көрмелері ашылды (ФОТО)
Оған Ресей, Беларусь, Иран, Мысыр, Грузия, Иордания, Әзербайжан, Малайзия және Қазақстан елдерінен 100-ге тарта компания қатысуда. Олар - мұсылман киімдері мен косметикасын, xалал азық-түлігін, сусындарын, тамақ қоспаларын, гигиена құралдарын, дәрі-дәрмектер шығаратын кәсіпорындар мен ислам қаржыландыру және xалал сақтандыру компаниялары. "Біздің елде он жылдан астам уақыт xалал стандарттары енгізілгенімен, бұл сала біз үшін жаңа бағыт. Сондықтан өз өндірістерімізді дамыту үшін, жаңа байланыстар мен келісімшарттарды жасау мақсатында осындай көрме өтуде. Мұндай таза өнімдердің үлесі біздің нарықта көбеюі тиіс", - деп атап өтті ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев. "Бұл көрме Қазақстанда xалал индустрияның енгізілгеніне 10 жыл мерейтойымен тұспа-тұс келді. Осы шараға Грузия, Малайзия, Ресей, Татарстан сынды елдердің өкілдері келіп отыр. Көрме келген қатысушылар үшін пайдалы өтсін. 26 қазанға дейін көрмеде ұсынылған тауарларды көріп, сатып ала аласыздар. Барлық шетелдік қатысушыларға раxмет айтамыз", - деді "Қазақстанның xалал индустриясы" қауымдастығының төрағасы Марат Сәрсенбаев.