Астанада қазақша КТК ойындарының жаңа маусымы ашылады

АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанадағы Конгресс-холл сарайында «Маусымашар -2010» атты КТК ойыны өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республикалық КТК одағы көңілділер мен тапқырлар клубының жаңа маусымдағы ойындарын бастады. Оған елдің барлық өңірлерінен 45-тен астам команда қатысады.

«Маусымашар -2010» ойындарының екінші кезеңі ертең ақпанның 9-ы күні өтеді.