Астанада «Қазақстан 51- ші Халықаралық математика олимпиадасын қарсы алады!» онкүндігі басталды

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Президенттік мәдениет орталығында «Қазақстан 51-ші Халықаралық математика олимпиадасын қарсы алады!» онкүндігінің салтанаты ашылу рәсімі болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, 51-ші Халықаралық математика олимпиадасы Астана күні қарсаңында өтпек. Оған әлемнің барлық елдерінен озық математиктер қатысады. Аталған шара Қазақстанда алғаш рет өткелі отыр. Ал бүгін осы іс-шараға орай ашылған онкүндік аясында сан алуан ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, шеберлік сыныптары мен байқауларды өткізу жоспарланып отыр.

Тарихты парақтасақ, 1-ші Халықаралық математика олимпиадасы 1959 жылы Румыния жерінде ұйымдастырылған болатын. Оған Венгрия, Болгария, Польша, Чехословакия, Германия және Кеңес Одағы елдері қатысқан. Былтыр олимпиада Германияда өткен. Қазақстан осы білім бәсекесіне 1998 жылдан бері қатысып келеді.