Астанада Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының құрылтайы өтеді
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Республикалық қоғамдық бірлестік (РҚБ) ретінде құрылып жатқан бұл ұйымның мақсаты - бұған дейін жеке-жеке шығармашылық адамы ретінде өмір сүріп келген айтsскерлер мен жыршы-термешілерді бір ұйымға біріктіру, айтысты бір орталықтан үйлестіру.
РҚБ ендігі жерде айтыс пен терме-жырды насихаттауды өз қолына алып, ғылыми практикалық конференциялар мен шеберлік сыныптарын өткізіп, жас өнерпаздарды тәрбиелеп, қанаттандыру, оқу-үйрету жұмыстарын жолға қояды. Кітаптар мен дискілер шығару іске асырылады. Қоғам өз басылымын, жеке сайтын ашуды жоспарлайды.
Құрылтайға республиканың барлық аймақтарынан айтыскерлер мен жыршы-термешілер шақырылған. Сондай-ақ барлық облыстардың vәдениет басқармаларының басшылары қатысады.
9 желтоқсан күні Астанада өтетін «БІЗДІҢ ЕЛ ОСЫНДАЙ!» fnns республикалық айтыстың ақтық сайысы туралы да сөз болады.