Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайтын жоба аймақтарда боксты дамытуға бағытталған.
Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша шешуші сынға Астана, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Қарағанды және Маңғыстау облыстарының командалары жолдама алды.
13 желтоқсанда ерлер мен әйелдер арасында 15 салмақ дәрежесі бойынша жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді. 14 желтоқсан күні үшінші және бірінші орындар үшін кездесулер жоспарланған.
Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешеніндегі жарыс 13 желтоқсан күні сағат 11:30-да, 14 желтоқсан күні сағат 12:00-де басталады.
Еске салсақ, осыған дейін Дубайдағы әлем чемпионатында қай елден қанша боксшы финалға жолдама алғанын жазғанбыз.