Сондай-ақ, Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына орай демалыс күндері «Алау» мұзайдыны сарайында бұқаралық коньки тебу ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары Ақбұлақ өзенінде және «Жерұйық» саябағында ашық мұз айдындарында коньки тебе алады.
Қысқы спорт түрлеріне әуес жандар үшін Астананың шаңғыроллерлік трассасында шаңғы жарысы өткізіледі.
Жыл бойы елордада бірқатар мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Биыл қала күні «Астана бейбітшілік пен келісім қаласы» ұранымен өтеді., деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.