Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік этносаясатты жүзеге асырудағы рөліне арналған салтанатты жиын өтеді

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 1 наурызда Бейбітшілік және Келісім сарайында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығының қабылдануына 18 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтеді.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның Кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, ғылыми қауымдастық, журналистер мен ҚХА-ның басқа да құрылымдары, этномәдени бірлестіктер, Ассамблеямен тығыз байланыста жұмыс істейтін орталық атқарушы органдардың басшылары мен өкілдері қатысады.

Салтанатты жиын қатысушылары Ассамблеяның 18 жыл ішіндегі жұмысының нәтижелерін қорытындылап, мемлекеттік этносаясатты іске асырудың құралы ретінде этносаралық қатынастарды үйлестірудегі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ҚХА-ның рөлін атап көрсетеді, ҚХА-ның парламентте өкілдік ету тәжірибесін, Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, Журналистер клубының және Ассамблеяның құрылымын нығайтуға бағытталған ҚХА-ның басқа да құрылымдарының қызметін талқылайды.

Шара барысында ҚХА-ның ғылымдары дайындаған «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік этносаясат императивтері» мемлекеттік органдарға арналған талдау материалдар мен әдістемелік ұсынымдар жинағының таныстырылымы өтеді.