Астанада Қазақстан-Қытай халықаралық заң мекемесі жұмысын бастады

Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - 29 қарашада Астанада Қазақстан-Қытай халықаралық экономикалық даму орталығы жанынан құрылған «Цянчжун» халықаралық заң мекемесі ресми ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан-Қытай халықаралық экономикалық даму орталығының қазақстандық тараптан тең төрағасы Жамбыл Ахметбеков, «Цянчжун» халықаралық заң мекемесінің төрағасы Сун Цзянчжун, сондай-ақ Парламент Мәжілісі мен Астана мәслихатының депутаттары, қытайлық компания басшылары қатысты.

Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Жамбыл Ахметбеков өз сөзінде қытайлық заң мекемесінің ашылуы екі ел арасындағы құқықтық және экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге сеп болатынын атап өтті.

Салтанатты шара аясында халықаралық заң мекемесінің атауы жазылған тақтайшаның ашылу рәсімі өтті.

Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қорғас туралы Қытаймен үкіметаралық келісімге өзгеріс енеді.