Астанада Қазақстан мен АҚШ кеден қызметтерінің арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселесі қаралды
11:00, 28 Қаңтар 2009
АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Астанада Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрібозов пен АҚШ Ұлттық қауіпсіздік министрлігі Кедендік және шекара күзеті бюросының Халықаралық істер жөніндегі комиссарының орынбасары ІІ Чарльз Сталлворттың екіжақты кездесуі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат кеден ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Кездесу барысында бірқатар өзекті бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды, оның ішінде шекарада қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаттары мен міндеттерін талқылауға ерекше назар аударылды. Тараптар сондай-ақ екі мемлекеттің кедендік қызметтерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту және әрі қарай дамыту мәселелерін де қарастырды.