Кездесу барысында тараптар ағымдағы мәселелер мен екі ел арасында қорғаныс саласындағы ынтымақтастық болашағын талқылады.
14:00, 08 Қараша 2018
Астанада Қазақстан мен Арменияның қорғаныс министрлері кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Армения Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы Давид Тоноянның кездесуі болып өтті. Аталған шара Сыртқы істер министрлері Кеңесі, Қорғаныс министрлері Кеңесі және ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңес хатшыларының комитет отырысын ұйымдастыру аясында өткізілді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.