Астанада Қазақстан нейрохирургтерінің 2-съезі өтеді
21:27, 29 Маусым 2012
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - 1 шілдеде сағат 10.00-де «Думан» мейманханасының «Parlament» мәжіліс залында Қазақстан Республикасы нейрохирургтарының 2-ші Съезі өз жұмысын бастайды.
Оған шетел нейрохирургтері де атсалысады деп күтілуде. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз-қызметі хабарлайды.
Съезде Қазақстандағы нейрохирургиялық қызметтің қазіргі жағдайы, белгілі шетелдік клиникалардың тәжірибелік трансфертін Қазақстан Республикасына енгізу мәселелері талқыланып, халықаралық байланыстарды нығайту үшін оның басым бағыттары анықталатын болады.
Нейрохирургия саласында республикадағы алғашқы Ақпараттық-ресурстық орталықтың тұсаукесері өтеді.
Съезге қатысу үшін Астанаға Ресей, Украина, Германия, Франция, Швейцария, Израиль, Қытай, Венгрия, Бельгия, Нидерланды, Чехиядан жетекші нейрохирургтар келеді.