Астанада Қазақстан полициясы күніне орай дрондар шоуы өтеді

Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласындағы ЭКСПО ауданында Қазақстан полициясы күніне орай дрондардың жарық шоуы өтеді.

Елорда елорда әкімдігінің мәліметінше дрондар шоуы 23 маусым күні сағат 22:00-де басталады.

Аталған шоу мерекелік бағдарламаның басты бөлігіне айналып, заң мен тәртіпке деген құрметтің символы болмақ.

Айта кетейік, шоу алдында концерттік бағдарлама өтеді. Концерт 21:00-де басталады. 

Еске салсақ Алматыда жас офицерлердің оқуды аяқтау рәсімі өткен еді.