Астанада Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай зияткерлік байқау өтеді

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - 19 қарашада №15 мектеп-лицейде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Көшбасшы - оқушы» байқауы өтеді. Бұл туралы елордалық Білім басқармасына сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

Байқауға 10-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қатысады. Олар тарих пәнінен тест тапсырып, мәдени, рухани, психологиялық ойларын жүйелеп, патриоттық тақырыпта эссе жазды. Астана қаласы орта білім беру мекемелері және колледждерінен барлығы 58 өтінім келіп түсті. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар келесідей: мектептегі негізгі пәндер бойынша жоғары бағалар, ой өрісінің кеңдігі, IQ деңгейі, қоғамдық өмірге белсенді араласуы, көшбасшылық кабілеті, шешендік қабілеті. Байқаудың мақсаты жастардың білімге деген қызығушылығын арттыру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.