Астанада Қазақстан және Румыния арасындағы кезекті саяси консультациялар өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковтың және Румыния Сыртқы істер министрлігінің стратегиялық істер жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Даниэль Ионицаның қатысуымен Қазақстан және Румыния арасындағы кезекті саяси консультациялар өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Аталмыш іс-шара барысында саяси, экономикалық, сауда-инвестициялық және парламентаралық ынтымақтастық туралы кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Тараптар әлемдегі ағымды ахуал бойынша пікір алмасып, «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Румыния Сыртқы істер министрілігі арасындағы 2015-2016 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары» құжатына қол қойды.

Румын тарапы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне дайындық жұмыстарына қатысу мүдделілігін білдірді.