Астанада «Қазақстанда сот әділдігіне қолжетімділік құқығын жүзеге асырудың проблемалары мен перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Қазақстанда сот әділдігіне қолжетімділік құқығын жүзеге асырудың проблемалары мен перспективалары»  тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Оның жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Бас прокуратурасының, Жоғарғы соттың, Конституциялық Кеңестің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, ғалым-заңгерлер, адвокаттар, қазақстандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстандағы шетелдік елшіліктердің және БАҚ өкілдері қатысады.  

Конференцияны Нидерланды Корольдігінің ҚР-дағы елшілігінің және Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «Транспаренси Қазақстан» қоғамдық қоры ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары комиссиясымен, «Нұр Отан» ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесімен, Қазақ гуманитарлық-заң университетімен бірлесіп өткізеді.