Астанада Қазақстандағы демографиялық саясат мәселелері талқыланып жатыр

АЛМАТЫ. 26 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Қазақстандағы демографиялық саясат: даму әлеуеті және баламасы» тақырыбы бойынша республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

Конференция ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиисияның, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткізілуде. Конференцияның мақсаты - Қазақстанда демографиялық үдерістер саласындағы проблемаларды жандандыру, белгіленген білім шеңберінде теріс үрдістерді төмендету бойынша зерттеуге және шешімдер әзірлеуге ғалымдар мен мамандарды тарту. Сарапшылардың айтуынша, бұл ғылым әлемінде маңызды оқиға болып табылады. Себебі - гендерлік теңдік проблемалары және отбасылық-демографиялық үдерістер ғалымдар мен мамандардың кең тобының назарына жеткілікті деңгейде ілінбей отыр. Осы саланың көптеген аспектілері ұстанымдарды және қазіргі көзқарастарды, оның ішінде ғылыми көзқарастарды жаңартуды қажет етеді.