Форумды ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Kazenergy» Ассоциациясы мен «КазМунайГаз» ҰК қолдауымен Қазақстан мұнайшы-геологтарының қоғамы ұйымдастырып отыр. Жиынға Қазақстан, Канада, Нидерланды, Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Франция, Ұлыбритания, Германияның 70-тен астам компаниясы қатысады. Аталған шара отандық геология мәселесіне арналмақ. Олардың қатарында Қазақстанның жер қойнауының ресурстік әлеуетін дамытудан бастап, геофизикалық технологиялар, теңіз акваторияларын зерттеу, геологиялық барлау зерттеулерінен геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру, кадрларды даярлау мен қайта даярлауға қатысты мәселелер де бар.
14:07, 10 Наурыз 2015
Астанада Қазақстандағы геология мәселесіне арналған халықаралық форум өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12-13 наурызда Астанада мұнай мен газға геологиялық барлау мәселесіне арналған «Kazakhstan Geology Forum, Oil & Gas» халықаралық форумы өтеді, деп хабарлады tbd.bz