Астанада Қазақстандағы қытайтану ғылымының мәселелері талқыланбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан айының 10 жұлдызында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстандағы қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Шара Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қытайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын әрі аудармашы Дүкен Мәсімханұлының 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Айта кетейік, Д.Мәсімханұлы Қазақстан Жазушылар одағының халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және ШЫҰ-ның «Жібек жолы: гуманитарлық ынтымақтастық» сыйлығының иегері. Сондай-ақ конференция барысында ғалымның «Тарихшылардың ұлттық конгресі кітапханасы» сериясы бойынша «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Қытай туралы қырық сөз» атты зерттеу кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілмек. Келемін деушілерге есік ашық, деп хабарлайды kazaitys.kz.