Естеріңізге салайық, 2000 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте өткен Мыңжылдықтар саммитінде БҰҰ-на мүше мемлекеттердің басшылары Мемлекеттердің дамуының негізгі мақсаттары мен міндеттерін қамтитын Мыңжылдық декларациясын қабылдады. «Декларацияда көрсетілген және еліміздің дамуын қамтитын 8 мақсат 2015 жылға қарай жоқшылықтың шегіне жеткен азаматтар санын екі есеге қысқартуды, сонымен бірге Жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі дертіне шалдыққандардың санын азайтуды көздейді. Қазақстан БҰҰ-ның мүше мемлекеттердің арасындағы Мыңжылдықтар декларациясын қабылдаған және дамудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруды мойнына алған елдердің қатарында. Осыған қарай еліміз 2000 жылдан бастап, мыңжылдықты дамыту бойынша 3 рет есеп шығарды», - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.
Оның айтуынша, Қазақстандағы мыңжылдық даму мақсаттарының алғашқы есебі 2002 жылы жарияланды және ол Шығыс Еуропа мен ТМД аумағындағы алғашқы есеп болды. 2005 жылы екінші есеп жарияланып, онда мыңжылдықтарды дамыту шараларының нәтижелерін саралау мен бағалау жұмыстарының қорытындылары берілді. Ал 2007 жылы үшінші есеп жарияланды. «Қазақстанда осы уақытта мыңжылдықтарды дамыту мақсаттарына қатысты бірқатар міндеттер орындалды. Соңғы есепте біздің ұлттық ерекшеліктеріміз бен ұлттық статистикамыздың тиісті мемлекеттік бағдарламалар негізінде қосымша міндеттер қойылған», деді баспасөз хатшысы.