Форумның бастамашысы әрі ұйымдастырушысы ретінде Қазақстан спорттық баспасөзі қауымдастығы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және денешынықтыру істері бойынша комитетінің қолдауымен «Kazsport» телеарнасы шықты.
Семинар шартты түрде үш күнге, тақырыптар бойынша үш бөлікке бөлінген. Алдыңғы қатарлы технологияларды ұсыну, спорттық продюсерлер мен ақпараттық бағдарламалардың басшыларының қызметтері, спорттық мазмұндағы телевизиялық жобаларды талқылау - осының барлығы аталған форумның жұмысы кезінде көрініс таппақ.