Көрмеге 2011-2013 жылдары салынған 38 өнер туындысы қойылады. Атап айтқанда, «Оазис», «Ауыл», «Алтын ай», «Арнау», «Ағаш көлеңкесінде», «Қалыңдық», «Бесік», «Теңіздің жағасында», «Ұшу», «Айнаның алдында» сынды 28 әдемі полотно мен «Балалық шақ», «Бала түсі», «Идиллия», «Ұшу», «Ояну», «Күн мен түн», «Әуен», «Күн астындағы үй», «Балықтар мен құстар» сияқты 10 графикалық суреттер және т.б.
«Айта кетейік, суретшінің еңбектерінің астары бар. Бұл - жауабы бірден түсінікті болатын қарапайым формулалар емес, іштей қарама-қайшы күрделі әрі жай мән-мағыналар жүйелері. Ол өзінің еңбектерінде этномәдени сипаттамаларға ие қазақ сәндік-қолданбалы өнердің компоненттерін ұдайы сақтайды»,- деп хабарлады мұражайдың баспасөз қызметінен.
Суретші шығармаларының негізгі тұжырымдамасы - бұл әдеттегі жағдайдан тыс болу, жаңа қалыпқа ену болып табылады.
Сұлтан Иляев 1954 жылы суретшінің отбасында дүниеге келген. 1977 жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық университетінің көркемсурет-графика факультетін тәмамдап, Ә.Қастеев атындағы көркемсурет училищесінде сабақ берген. 1981 жылы С.Ғ.Иляев КСРО Суретшілер одағына қабылданды. 1978-1991 жылдары Шымкент қаласының бас суретшісі болып істеді, 1991-1995 жж - Оңтүстік Қазақстан облысының Суретшілер одағының төрағасы болды. 1995 жылдан бастап Шымкент қаласының бас суретшісі, қала әкімінің Дизайн басқармасының бастығының орынбасары болды. 1998 жылдан бастап ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі. 2004 жылы «ҚР Мәдениет қайраткері» атағын иеленді. 2013 жылы «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алып, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» ОҚО әкімінің медалімен марапатталды. Иляев Сұлтан Ғаниұлы 2010 жылдан бері Шымкент қаласы ҚР Суретшілер одағының басқарма төрағасы болып істеп келеді.
С.Ғ. Иляев - республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысушы, КСРО СО және ҚР Мәдениет министрлігінің грамоталарымен марапатталған. Иляевтің туындылары Алматы, Мәскеу, Ташкент, Сочи қалаларындағы мұражайларда және әлемнің түрлі қалаларындағы жеке галереяларда сақтаулы.
Еске салайық, Сұлтан Иляевтің «Қайталау...» атты жеке көрмесі мұражайда 15 қаңтардан 15 ақпанға дейін бір ай бойы өтеді.