1 ақпанда Тәуелсіздік сарайының галерея залында «Қазақстандық суретшілердің туындылары» атты көркемөнер көрмесіне арналған ашық есік күні өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған экспозицияда мемлекетіміздің тарихынан сыр шертетін қазақстандық қылқалам шеберлерінің үздік жұмыстары қойылған.
Көрме бір ай көлемінде жұмыс істейді.