«Ғылыми портал» интернет алаң болып табылады, онда әзірлеушілер мен кәсіпорын бір-бірімен өзара әрекеттесе жұмыс істей алады. Бұл сайтқа әзірлеушілер өз технологияларын енгізді. Онда бағалайтын сарапшылар, оның ілгерілеуімен айналысатын технологияларды коммерцияландыру орталығының бекітілген менеджерлері бар. Коммерциялық кәсіпорындар порталға тіркеліп, технологияны іздейді, егер өздеріне қызықты бірдеңе тапса, өз беттерінше байланысқа шығып, автормен уағдаласуына болады. Біздің міндетіміз интернет алаң, дерекқор ұсыну, қажет болған жағдайда менеджерлеріміз өзара іс-қимылды реттеуге жәрдемдеседі», - деді Технологияларды коммерцияландыру орталығының бас директоры Дамир Егізбаев. Ол сондай-ақ портал өткен жылдың аяғында дайын болғанын, осы кезге дейін сынамадан өткенін атап өтті. «Қазіргі сәтте порталда екі жүзге жуық қазақстандық технология орналастырылған, сондықтан инвесторлар сайтқа кіріп, қажет болған жағдайда әзірлеушілермен байланысуына болады. Онда түрлі қолжетімділік құқығы бар, бұл әзірлеуші ақпаратты қаншалықты егжей-тегжейлі бергісі келетініне байланысты», - деп сөзін түйіндеді Д.Егізбаев. Еске салсақ, бүгін елордада «Технологияларды коммерцияландыру» көрме-таныстырылымы өтуде. Онда қазақстандық ғалымдар инвесторларға жаңа өнертабыстарын ұсынады.
13:41, 10 Маусым 2015
Астанада қазақстандық технологияларды ілгерілетуге арналған «Ғылыми портал» таныстырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Технологияларды коммерцияландыру» көрмесі аясында «Ғылыми портал» таныстырылды, оның басты мақсаты қазақстандық технологиялар мен өнертабыстарды коммерциялық айналымға енгізу болып табылады.