Астанада Қазақстанның даму банкі мен Deutsche Bank AG арасында негізгі келісімге қол қойылды

АСТАНА. Шілденің 18-і. ҚазАқпарат - Астанада жексенбі күні, шілденің 18-інде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ГФР Федералдық канцлері Ангела Меркельдің қатысуымен өткен қазақстан-неміс экономикалық форумының ауқымында «Қазақстанның даму банкі» АҚ мен Deutsche Bank AG арасында көзделген жиынтық сомасы 500 млн. еуроға дейін негізгі келісімге қол қойылды.

Қаражаттар Қазақстан Республикасындағы стратегиялық маңызды жобаларды қаржыландыруға және Қазақстан экономикасын жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы ауқымында жүзеге асырылатын индустриялық жобалар үшін технологиялық дамыған және инновациялық компонентті импорт сатып алуға жұмсалады.

Қазақстан даму банкі тарапынан құжатқа басқарма төрағасы Ғали Есқалиев, ал Deutsche Bank AG тарапынан - Шығыс Еуропа бойынша бас басқарушы директоры Питер Тильс қол қойды, деп хабарлады ҚДБ баспасөз қызметі.

Қол қойылған келісімге сәйкес тараптар Қазақстан Республикасына жабдықтарды импорттауды қаржыландыру үшін ұзақмерзіімді жеке несиелерді ұсыну арқылы ҚДБ ірі жобаларын қаржыландыруға ниетті.

Тильс мырзаның айтуынша, бұл келісім ҚДБ негізі қаланғаннан сәттен бері дамып отырған Deutsche Bank AG пен Қазақстанның даму банкі арасындағы тығыз өзара қарым-қатынастардың қисынды жалғасы болып табылады.