деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.
Қазақстан сәулетінің тарихында Қалдыбай Монтақаевтың орны айырықша. Алматы жоғары сәулет мектебінің түлегі еліміздің астанасы үшін көптеген тұрғын үй-азаматтық құрылыс жобаларын әзірлеп, өзінің сәулет өнеріне деген талантын ерте танытты. Атап айтқанда: 1176 орындық жалпы білім беретін мектеп, ядролық сұйықтықтағы 12 қабатты тұрғын үй, Алматыдағы Президент Резиденциясы (қазіргі ҚР Тұңғыш Президентінің мұрағаты), Алматы облыстық партия комитетінің ғимараты, тағы басқа да нысандар. Қалдыбай Жұмағалиұлы еңбек жолын «Алматыгипрогор» мекемесінде сәулетшіліктен бастап институттың бас сәулетшісі лауазымына дейін өсті. Алматыдағы Республика алаңын жобалап, салу Қалдыбай Монтақаев шығармашылығындағы ең негізгі кезең болды.
Қалдыбай Жұмағалиұлы жаңа Астананың да сәулеттік қалыптасуына атсалысты.1996 жылы оның басшылығымен бір топ сәулетшілер Астананы дамытудың бас жоспарын әзірлеу байқауында жеңіп шықты. Ол ҚР Президентінің Резиденциясының (қазіргі ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы), ҚР ҰҚК, Самал шағын ауданы, Үкімет пен Парламент ғимараттарын қайта жаңғырту, Сыртқы істер министрлігі, Конгресс-холл, Есіл өзені жағалауын жаңартудың авторы.
Көрмеге сәулетшінің наградалары, планшеттері мен графикалық және акварельдік жұмыстары қойылатын болады.