Астанада Қазақстанның IT кәсіпорындарының екінші съезі өтеді
16:19, 15 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 17-де Астанада Қазақстанның IT кәсіпорындарының екінші съезі өтеді. Байланыс және ақпарат министрлігінің мәліметінше, оған мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және банктік-қаржылық жүйенің өкілдері, Қазақстандағы IT компаниялардың бірінші басшылары қатысады.
Съезд делегаттары бірқатар мәселелерді, атап айтқанда IT секторды дамыту тетіктерін және IT бизнесті ынталандырудағы әрі ілгерілетудегі Қазақстандағы ақпараттық коммуникацияны дамыту жөніндегі салалық бағдарламаның рөлін, сондай-ақ саланы дамыту проблемаларын талқылайды. Съезде Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев сөз сөйлейді.