Кітапханада еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы спортының тарихы, қазақстандық спортшылардың жеңісі мен табыс таңбасы ұсынылады.
«Қазақстандағы Олимпиада қозғалысы» тұрақты экспозициясы Халықаралық олимпиада күнін мерекелеу қарсаңында ашылды.
Айта кетейік, бір жыл бұрын 2017 жылдың наурызынан тамызына дейін Тұңғыш Президент музейінде Қазақстан ҰОК 25 жылдығына арналған уақытша экспозиция қойылған еді. Осы уақыт ішінде экспозицияны 60 мыңнан астам адам тамашалаған. Осыған байланысты экспозицияны тұрақты ету туралы шешім қабылданған.