Роскосмос делегациясын қарсы алған ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев ресейлік әріптестерін «Қазсат-2» қазақстандық серігімен «Байқоңырдан» ұшқан үш ғарыш аппараттарының аспанға сәтті ұшырылуымен құттықтады. Ол «Қазсат-2» серігін ұшыру Қазақстан Үкіметінің тарапынан жоғары бағаға ие болғанын атап өтті. «Елдің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Роскосмос басшылығына техникалық жұмыстардың жоғары деңгейі, жұмыстардың ұйымдастырылуы мен ынтымақтастық үшін алғыс жеткізуді сұраған», - деп атап өтті Қазғарыш басшысы.
Өз кезегінде Роскосмос басшысы Владимир Поповкин «Қазсат-2» жерсерігі штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын, барлық жүйелер бұл сатыда жақсы жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Қазақстан мен Ресей ғарыш ведомстволарының басшылары Қазғарышта өтіп жатқан жұмыс кеңесінде өзекті он төрт мселені қарайды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазғарыш пен Роскосмос басшылығы хаттамаға қол қояды.
Астанадағы сапарының жұмыс бағдарламасына сай Роскосмос басшысы ҚР қаржы министрлігінің басшылығымен кездеседі.