деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚазМұнайГаз» Барлау және өндіру» АҚ бастамасымен бөлініп жатқан 13 тегін білім алу жөніндегі куәліктер әлеуметтік жағынан аз қамтылған үлгерімі үздік жастар - Гүлзат Әбілдинова («Дизайн»), Естөре Бұрмағанов («Сәулет»), Венера Ниязғалиева («Әлеуметтік жұмыс»), Сәуле Сыздықова («Халықаралық қатынастар»), Зарина Асанова («Журналистика»), Әсет Нұрбаев («Аймақтану»), Сұлтан Келесбаев («Мемлекеттік және жергілікті басқару»), Теңдік Қали («Есеп және аудит»), Дәуір Асанов («Экономика»), Ақмарал Оңғарова («Халықаралық қатынастар»), Данара Оспанова («Журналистика»), Римма Тұрапова («Халықаралық қатынастар») және Асхат Жұмабаевтарға («Экономика») беріліп отыр.
«ҚазМұнайГаз» Зерттеу және барлау» АҚ-ның басшысы Қайролла Ережепов атап көрсеткендей, бүгінде компанияның есебінен республика бойынша 460 студент-жастың оқуы төленіп жатыр. Олардың басым бөлігі - әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың өкілдері. «Біз жыл сайын олардың сабақ үлгерімін бақылап отырамыз. Талап бойынша студенттің пәндік бағасы 4,5-тен кем болмауы тиіс», - дейді Қ.Ережепов.