Астанада кен-металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің II-ші съезі өтеді

А. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат  /Ернұр Ақанбай/ - Желтоқсанның 10-да Астанада кен-металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің II-ші съезі өтеді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Индустрия және сауда министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысының саланы индустриялық-инновациялық дамыту және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кен-металлургия кешенінің алдына қойған міндеттерін талқылау съездің басты тақырыбы. «Съезд жұмысына ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Үкімет мүшелері, Парламент депутатары, ұлттық компаниялардың және саладағы барлық кәсіпорындардың басшылары қатысатын болады», делінген таратылған хабарламада.