Астанада 27-29 маусым аралығында Керей Жәнібек хандар көшесінің Әл-Фараби даңғылынан Шерхан Мұртаза көшесіне дейінгі учаскесінде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі.
Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Айта кетелік 25–27 маусым аралығында Ақмешіт көшесінен Қазақ радиосы көшесіне дейінгі Нұржол бульварында маршруттық жөндеу жұмыстарын жүргізіліп жатыр.