Астанада кейбір автобустардың бағыты өзгерді

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада қозғалыс бағытын оңтайландыруға және жолаушының жүру уақытын қысқартуға орай №18 автобустың бағыты өзгерді. Бұл туралы astana.kz сайтына Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.

«Қозғалыс бағытын оңтайландыруға және жолаушының жүру уақытын қысқарту үшін оны түзетуге байланысты №18 автобустың бағытына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Бұдан былай №18 автобус "Литмаш" АҚ бастапқы аялдамасынан "Жастар" шағын ауданы аялдамасына дейін Кравцов көшесі бойынша өзгеріссі, одан әрі Бараев к-сі (тура) - Қабанбай батыр даңғ. (тура) - Қабанбай батыр даңғ. бойымен "Қабанбай батыр" даңғ. аялдамасы, бұдан әрі бұрынғы схема бойынша жүреді. Автобустың кері қайту кестесі де осындай.

Бұрын хабарланғандай, №37 бағыттағы автобустың тоқтатылуына орай және Жібек жолы мен Интернациональный тұрғын алабтарын көлік қызметімен қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап №9 және №23 автобустардың бағытын өзгерту туралы шешім қабылданды.

Бұдан былай №9 бағыттағы автобус «Т/ж вокзалы» бастапқы аялдамасынан шығысқа қарай Абылай хан даңғылының бойымен «Травматология және ортопедия ҒЗИ» дейін өзгеріссіз, одан әрі - Абылай хан даңғ. - Рысқұлбеков к-сі - Құдайбердіұлы к-сі - Қошқарбаев даңғ. - Қарағанды тас жолы - Армандастар к-сі (Интернациональный т/а) - Көксай к-сі - Интернациональный т/а шығатын жол - Қарағанды тас жолы - №37 автобустың бағыты бойынша Жібек жолы т/а кіретін жол - соңғы аялдама «Жібек жолы т/а». Автобустың кері қайту кестесі де осындай (Кенесары к-сі - Жеңіс даңғ.- Сейфуллин к-сі).

№23 бағыттағы автобустың қозғалыс кестесі: «Т/ж вокзалы» бастапқы аялдамасынан шығысқа қарай Абылай хан даңғылының бойымен «Травматология және ортопедия ҒЗИ» дейін өзгеріссіз, одан әрі Абылай хан даңғ. - Манас к-сі - соңғы аялдама «Аймақаралық аудандық аурухана». Автобустың кері қайту кестесі де осындай.