№4 және №34 бағдарлар Тілендиев даңғылы - Сарыөзен к-сі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі, Ұлытау - Ақтөбе - Қайнар көшелері арқылы соңғы аялдамаға дейін жүреді. Кері бағытта Қайнар - Ақтөбе - Ұлытау - Ақмола - Баршын - № 20-40 көшелері - Тілендиев даңғылы, одан әрі қолданыстағы сызба бойынша жүреді.
№№ 46, 71, 102 (экспресс) бағдарлары Тілендиев даңғылы - Сарыөзен к-сі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі, Тілендиев даңғылы - Баршын - Ақмола - Ұлытау көшелері арқылы соңғы аялдамаға дейін жүреді. Кері бағытта Ұлытау - Ақмола - Баршын - № 20-40 көшелері - Тілендиев даңғылы, одан әрі қолданыстағы сызба бойынша жүреді.
№ 81 бағдардағы автобус Тілендиев даңғылы - Сарыөзен к-сі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі, Сарыөзен, Ақмола көшелеріне кірмей, Тілендиев даңғылы бойымен жүреді. Кері бағытта осы сызба бойынша жүреді.
Жол жөндеу жұмыстары аяқталған соң жоғарыда аталған бағдарлар қолданыстағы сызба бойынша жүретін болады.