Астанада кейбір бағыттағы автобустардың саны артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық көлік жолаушыларының жайлылығы үшін және тасымалдау сапасын көтеру мақсатында Астанада  бірқатар бағдарлардағы автобус саны көбейтілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

 Жолаушылар көлігі басқармасы мәлімдегендей, № 7, № 12, № 15, № 17, № 21, № 32, № 40, № 44 бағдарлардағы автобустардың саны артып, олардың қатынау жиілігі қысқармақ.

«№ 7 бағдар - 10-нан 12 автобусқа дейін көбейтіліп, қатынау жиілігі 10 минуттан 8 минутқа дейін қысқарады;

№ 12 бағдар - 14-тен 15 автобусқа дейін көбейтіліп, қатынау жиілігі 10 минуттан 8 минутқа дейін қысқарады;

№ 15 бағдар - 16-дан 17 автобусқа дейін көбейтіліп, қатынау жиілігі 8 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады;

№ 17 бағдар - 11-ден 12 автобусқа дейін көбейтіліп, қатынау жиілігі 12 минуттан 10 минутқа дейін қысқарады;

№ 21 бағдар - 12-ден 13 автобусқа дейін көбейтіліп, қатынау жиілігі 10 минуттан 9 минутқа дейін қысқарады;

№ 32 бағдар - 11-ден 13 автобусқа дейін көбейтіліп, қатынау жиілігі 12 минуттан 10 минутқа дейін қысқарады;

№ 40 бағдар - 19-дан 20 автобусқа дейін көбейтіліп, қатынау жиілігі 8 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады;

№ 44 бағдар - 9-дан 10 автобусқа дейін көбейтіліп, қатынау жиілігі 12 минуттан 10 минутқа дейін қысқарады», - деп жазылған таратылған хабарламада.