Қала басшысының айтуынша, аталмыш жобаға елордадағы №5 қалалық емханасы қатысуда. Оның негізінде аталған мекемеде учаскелік дәрігерлерге және тар шеңберлі мамандарға келген азаматтарға қызмет көрсету талон жүйесі арқылы жүргізілетін болатын.
«Жоба аясындағы барлық позициялар тәжірибеден өту процесінде. Жақын уақыттарда аталған жаңашылдықтың игілігін барлық емделуші сезінетін болады», - деді әкім.
И. Тасмағамбетовтың мәлім етуінше, Астанадағы емханалардың саны жетіспеуде және азаматтарға ем-дом жасауға үлгермей жатыр. Осы мәселені шешу мақсатында жақын жылдары тағы 5 емхана салынбақ.