Астанада кезекте тұрғандарға 562 пәтер беріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 562 пәтер бөлінеді.

Фото: Алматы әкімдігі

Астанада 2023-2029 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында жақын арада тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға кредиттік тұрғын үй беру үшін өтініш қабылдау басталады.

Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше барлығы А91 көшесіндегі 36, 36/1, 36/2, 36/3 үйлерден 562 пәтер беріледі.

Оның ішінде:
•1 бөлмелі – 166 пәтер;
•2 бөлмелі – 276 пәтер;
•3 бөлмелі – 80 пәтер;
•4 бөлмелі – 40 пәтер.

Пәтерлер таза әрленген күйде беріледі.
Бір шаршы метрдің құны – 332 916 теңге.

Сыйақы мөлшерлемесі – 5% (ЖТСМ – 5,2%-дан 5,8%-ға дейін), бастапқы жарна – 10%-дан бастап.

Өтініштер Baspana Market сайтындағы жеке кабинет арқылы қабылданады.

Айта кетелік Қазақстанда тұрғын үй бағасы бір жылда қалай өзгергені туралы жазған едік.