Астанада кезекті мектеп жәрмеңкелері өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26-27 тамызда сағат 10:00 мен 18:00 аралығында Астана қаласы әкімдігінің алдындағы қалалық алаңда «Мектепке жол» республикалық науқан шеңберінде кезекті мектеп жәрмеңкелері өтеді.

Қала әкімдігі сайтының хабарлауынша, жәрмеңкеге кеңсе және мектеп керек-жарақтарын, мектеп формасы, шұлық-ұйық бұйымдарын және басқа да көтерме сауданы жүзеге асырушылар қатысады. Тауарлардың бағасы нарық бағасынан төмен.