Астанада ҚХЛ-2018 жұлдыздары апталығы басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қаңтарда Астанада ҚХЛ-2018 жұлдыздары аптасы басталады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Құрлықаралық хоккей лигасының жұлдыздары матчының құрамы 12 желтоқсанда бекітілген еді. Астанадағы хоккей мерекесіне ҚХЛ үздік ойыншыларынан кім келетінін жанкүйерлер сайтта дауыс беру арқылы анықтады. Лиганың шешімімен түрлі амплуадағы 16 ойыншы таңдалып алынды.

Жұлдыздар матчына ҚХЛ-дың барлық клубының хоккейшілері қатысады.

Астаналық «Барыстан» матчқа команда капитаны және ҚХЛ-дың үздік мергені Найджел Доус (жанкүйерлер таңдауы), қорғаушы Кевин Даллмэн (жанкүйерлер таңдауы), сондай-ақ шабуылшы Линден Вей (ҚХЛ таңдауы) қатысады.