Бұл туралы »Қазақ әуендері» АҚ-ның баспасөз хатшысы Исмаил Әділет хабарлады.
Мәдениет күндері аясында 25 қыркүйекте сағат 16.00-де Ұлттық мұражайда қытай фарфоры көрмесі және Қытайдың экологиялық мәдениеті тақырыбындағы фотокөрме ұйымдастырылады. Көрмелерде Қытайдың эксклюзивтік, заманауи, қолдан жасалған фарфор бұйымдары, керамика қолөнері және Қытайдың экомәдениеті мен экоауылдар құрылысының табысын бейнелейтін фотокартиналар көрсетілмек. Көрмелер 14 қазанға дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ 25 қыркүйекте сағат 19.00-де «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында, 28 қыркүйекте сағат 19.00-де Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қытай Халық Республикасы өнер шеберлерінің концерттері өтеді.
Концерттерде ҚХР Орталық халықтық ән мен би ансамблі, Хуацзинь драмалық би труппасы, Тайюань қаласының цирк өнерінің труппасы, «Ву сэфэн» оркестрі мен Қытайдың танымал әртістері - Ву На, Дун Фэй, Гоу Чаньчань, Чэнь Чэнь, Му Минцзян, Мұралай Беймұрат және т.б. өнер көрсетеді. Концерттік бағдарламаға қытай халқының әндері мен биі, музыкасы және цирктік өнері енгізілген.