Турнир Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 25 жылдығына орайластырылған дейді ҚР киокушинкай-кан каратэ ұлттық федерациясының баспасөз қызметінен.
Сайыста ТМД мемлекеттерінен келген 400-ге жуық спортшы боз кілемде бақ сынасады. Жеңімпаздар медальдар мен кубоктарды иеленіп, мақтау қағаздары мен бағалы және ақшалай сыйлықтарға ие болады.
Киокушинкай-кан - каратэнің айла-тәсілдерінің қарапайымдылығымен және тиімділігімен ерекшеленетін түрі. Аталған спорт түрі адамның басты алғырлық қасиеттерін дамытады.
Айта кетейік, Қазақстанда 5000-нан астам адам осы спорт түрімен шұғылданады, бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді.