Байрақты бәсекеге Қазақстанның барлық облыстарының және Астана қаласының, сонымен бірге Ресейдің Пермь, Омбы, Свердлов облыстарының, Қырғызстанның спортшылары қатысуда. Жалпы, 11 жас санатында өтетін жекпе-жектерде аталған үш елдің 400 спортшысы бақ сынамақ. Олар 35 медаль жиынтығын сарапқа салатын болады.
Аталған шараны өткізудегі басты мақсат - қазақстандықтардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, сонымен бірге спортшылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, шеберліктерін шыңдау болып табылады.
Турнир ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі, Астана қаласының әкімдігі, Республикалық Киокушинкай каратэ федерациясы, Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтуде.