АСТАНА. KAZINFORM – Елордада 4 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 1 600-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Қаланың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.
Қала көшелерін, алаңдары мен тротуарларын қар мен мұздан тазартуға 4 ақпан күні таңертең 2,6 мыңға жуық жол жұмысшы мен 1,6 мыңға жуық арнайы техника шықты.
Өткен түнде қаладан шамамен 53 мың текше метр қар шығарылды, бұл 3,6 мың ауыр жүк көлеміне тең.
Қыс мезгілінің басынан бері бүгінге дейін полигондарға 266 мың рейс 3,6 млн текше метр қар шығарды.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.