Астанада кісі өліміне алып келген жол апатына себепкер жүкті әйел 2 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық істі қарады.

Сот 2015 жылғы 27 қарашада сотталушы «Toyota Саmrу» маркалы көліктің жүргізушісі А.К. басқарып келе жатқан «ВАЗ-2114» маркалы көлікпен соқтығысуға жол бергенін анықтады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-2114» көлігінің жүргізуші К. мен жолаушы О. ауыр дене жарақатын алды. Ал жолаушы И. алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлады Астана қаласы соттың баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен сотталушы А. айыпты деп танылды. Оған 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыра отырып, қоныс колониясында жазасын өтеумен, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

ҚК 74-бабы 1-бөлімінің негізінде сотталушы А-ға оның жүкті екені ескеріліп, жазасын орындау 1 жылға кейін шегеріліп қолданылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.