Мәжіліске Әзірбайжан, Армения, Украина, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь пен Қазақстанның өкілдері қатысуда. Олар «Достастық», «Менің елім», «Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап», «Мәдениет. Ғылым. Білім», «Арт-кітап», «Достастықта басылған» аталымдары және «Кітап өнері» байқауының бас жүлдесі бойынша ақылдасып, ертең, мамырдың 25-сі күні өз шешімін шығаратын болады.
Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі биыл қыркүйек айында Мәскеудегі кітаптардың Халықаралық көрме-жәрмеңкесі аясында өтеді. Ал олардың кітаптары ТМД-ның Тарих мұражайына тапсырылады.